Жаңалықтар

ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ӨРІСТЕЙДІ

ERA_9629

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Ресей Федерациясының Курск облысынан келген мәртебелі меймандармен дидарласты.

Кездесу барысында VIII Астана экономикалық форумына келген Курск облысы губернаторының орынбасары Виктор Черных, облыстың сыртқы байланыстарды дамыту бөлімінің басшысы Елена Дектярева және инвестиция тарту бойынша агенттіктің бас директоры А.Паршуков аймақтардың экономикалық дамуының болашағы туралы ойларын айтты.
Әкім орынбасары Ермек Аманшаев Курск облысы мен Астана қаласы әкімшілігінің гуманитарлық-мәдени ынтымақтастық бойынша келісім-шарты аясында атқарылған жұмыстар жайына тоқталды. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын тауып, өзара достық қарым-қатынас одан әрі беки түсетінін мәлімдеді. Өз кезегінде сөз алған Виктор Черных алдағы жазда өтетін «Курск-Коренская» жәрмеңкесіне елордалықтарды шақыра келгенін жеткізді. Ол тоғыз жолдың тоғысында орналасқан облыстың басты жәрмеңкесінің инвестиция тартуда елеулі орны барын атап өтті. «Біздің мақсатымыз өрісімізді кеңейтіп, екі ел кәсіпкерлерінің жұмысын жандандыратын қолайлы жағдай туғызу» деді Виктор Дмитриевич.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button