Жаңалықтар

ТАЛАНТТАРДЫҢ «ТРИУМФ» БАЛЫ

25 мамырда Тәуелсіздік сарайында жалпы орта білім беретін пәндер бойынша халық­аралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын және жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттайтын дәстүрлі «Триумф» балы өтеді. 

2014-2015 оқу жылында Астана қаласының оқушылар командасы АҚШ, Бразилия, Грузия, Ресей, Корей елдеріндегі білім додаларына қатысып, 235 медаль мен
81 жүлделі орынға ие болды. Елор­далық оқушылар республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысында жыл сайын топ жарып, «Үздік команда» атануда.
Биыл «Триумф» балына он бір үздік оқушымен бірге қонақ ретінде ҚР Парламентінің және Астана қаласы мәслихатының депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Дарын» өңірлік ғылыми тәжірибелік орталығының және Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының ғалымдары, Астана қаласы білім беру мекемелерінің басшылары шақырылды.
Іс-шара барысында талантты оқушыларды қолдап, салтанатты түрде құрмет көрсетіледі.

Сағи ОРАЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button