Жаңалықтар

Парижде – Абай бюсті

Париж қаласындағы ақындар алаңында қазақтың бас ақыны, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды. Бұл жөнінде ашылу салтанатына қатысқан Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті.

[smartslider3 slider=1290]

«Бюст Париждің орталығындағы ақындар алаңында француз жазушысы Виктор Гюго, орыс жазушысы Александр Пушкин және басқа да әлемдік әдебиеттің көрнекті өкілдеріне құрмет көрсетілген. Абай Құнанбайұлының мүсіні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ашылды. Ұйымдас­тырушысы – ҚР Франциядағы Елшілігі, бюст демеушілік қаражат есебінен ашылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаламыздың экономикасына жеке инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Париж қаласының мэрі Анн Идальгомен достық пен ынтымақтастық туралы пактіге қол қойып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқыладық. Мәселен, Нұр-Сұлтанда 30-дан астам француз компаниясы жұмыс істейді. Бұл бірлескен маңызды жобаларды ашу және жеке инвестицияларды тарту ғана емес, сол сияқты қосымша жұмыс орындарын құру болып саналады.

Бірлескен жобалар санын кеңейтетін боламыз. Сонымен бірге елордамызда Франция­ның жеке инвестициялары есебінен жеке мектеп салу туралы келісімге келдік. Сондай-ақ музейлер ұжымын келесі жылы көрмелерімен шақырдық, олар елордамыздың мәдени саласын дамытуға өз үлесін қосатыны сөзсіз» деп жазды елорда әкімі өзінің әлеуметтік парақшасында.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button