ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

«Қадамдық қолжетімділік» қамтамасыз етіледі

Қала әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй кешендерін салу кезінде «қадамдық қолжетімділік» қағидатын ескеру қажеттігін айтты. Шаһар басшысының айтуынша, тұрғындардың өмір сүруіне лайықты жағдай жасау үшін балабақшадан бастап жұмыс кеңсесіне таяу маңда орналасуына мән берген жөн.

[smartslider3 slider=154]

«Әрбір шағын ауданда тұрғын үйлермен бірге әлеуметтік нысандар да болуы керек. Тұрғындар балабақшаға, мектепке, жұмысқа бару үшін қаланың келесі бір бөлігіне қатынағаны дұрыс емес. Бұл нысандардың барлығы жаңа шағын ауданның бас жоспарында қаралғаны жөн. Алдағы уақытта жасалатын бас жоспарларда осы фактор ескерілетін болады.
Еуропада қалалар өте тығыз орналасқан. Қала тұрғындарының саны 2 миллионға жеткен кезде бізде тығыздық артады. Демек, «қадамдық қолжетімділік» принципіне сай тұрғындардың барлық қажеттілігін осы бастан ескеруіміз қажет» дейді қала әкімі.
Мұнан бөлек, шаһар басшысы тұрғын үй кешендерінің аумағынан автотұраққа арналған алаң орнату, қоғамдық кеңістіктермен қамтамасыз ету мәселесіне де айрықша назар аударды.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button