Елорда тынысы

Қай көшелер алдымен жөнделеді?

Елордада ең алдымен, қозғалысы қарқынды, жаңа әлеуметтік нысандары (кірме жолдар) бар көшелер мен орындар жөнделеді. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

«Көктем мезгілінің басталуымен кейбір көшелерде асфальт қармен бірге ағып кеткендей әсер қалдырады. Жолдардың бәрі дерлік сапалы салынбаған. Тұрғындар тарапынан да шағымдар түсіп жатыр. Жауапты басқарма жол қызметкерлерімен бірлесе жөндеуден өтетін жолдар мен көшелердің сапасын әрі ұзаққа шыдамдылығын қамтамасыз етуі керек. Өтініштерді ескере отырып, көшелер тізімін жаңарту қажет. Ең алдымен, қозғалысы қарқынды, жаңа әлеуметтік нысандары (кірме жолдар) бар орындарды жөндеу қажет» деді қала басшысы.

Сондай-ақ Ж.Қасымбек жаңадан салынып жатқан аудандарда инженерлік инфрақұрылымы мен үйлердің құрылысы біткеннен кейін ғана жолдары салынатынын жеткізді. «Сол сияқты елді мекендерде бұрын мүлдем асфальтталмаған көшелер де бар. Ал жаңадан салынып жатқан аудандарда инженерлік инфрақұрылымы мен үйлердің құрылысы біткеннен кейін ғана жолдары салынады. Оған дейін уақытша төсеммен қамтамасыз ету қажет. Жол жұмысының маусымы қысқа. Сол себепті уақыт та тығыз. Біз сапасыз орындалған жұмыстарды қабылдамаймыз» деп ескертті әкім.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button