Сараптама

Cыбайлас жемқорлық тыйылмай тұр

Биылғы қаңтар-ақпан айларында республикада 438 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылдың салыстырмалы уақытына қарағанда 0,7 пайызға артық көрсеткіш деп жарияланды finprom.kz порталында.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың басым бөлігі Алматы мен Астанада әрқайсысында 51 жағдайдан тіркелген.

Антилидерлер қатарында Қостанай (40 жағдай) және Түркістан (37 жағдай) облыстары, Шымкент (36 жағдай) қаласы бар.

Сектордағы қылмыстардың ең аз саны Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында байқалған.

Сыбайлас жемқорлық қылмыс­тардың 37,4%-ы пара берумен байланысты болды. Жыл басынан бері 164 жағдай тіркелді. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 45,1%-ға артық.

Бұдан басқа пара алу (141 жағдай), сыбайлас жемқорлық саласындағы алаяқтық (39 жағдай), сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе жымқыру (24 жағдай) және парақорлыққа делдал болу (22 жағдай) жағдайлары да бар.

Күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған адамдардың саны 301-ді құрады. Бұл өткен жылға қарағанда 25,4%-ға көп. Оның ішінде қылмыс жасаған 243 адам анықталып, 159 адамның ісі сотқа берілді.

Ресурстың жазуынша, мемлекеттік органдардың қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ішкі істер органдарының қыз­меткерлері жиі жасаған: 43 адам. Әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері (26 адам), ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (3 адам), Қаржы мониторингі агенттігі (3 адам), Денсаулық сақтау министрлігі (3 адам) және ИИДМ (3 адам) қызметкерлері де бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button