Жаңалықтар

Қайырымдылық көрсетті

– Біздің ұйымның негізгі мақсаты – Ауғанстан соғысында қаза болған астаналық жауынгер-интернационалистердің ата-аналарына, сондай-ақ осы соғыстың салдарынан мүгедек болып қалған майдандас азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету болып саналады. Осы ретте демеушілердің көмегі арқылы материалдық жәрдем беруді дәстүрге айналдырып отырмыз. Міне, осы жолы да «ИнтерГаз-Центральная Азия» АҚ біздің ұйымның өтінішіне мән беріп, қаражат бөлді. Сол қаражатты ата-аналарды шақырып, үлестірдік, – дейді «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұратбек Әміржанов.

Осы шара барысында 13 ата-ана 100 мың теңгеден қайырымдылық көмек алды. Соғыс даласында ерлікпен қаза тапқан балаларының орнын жоқтатпай, жыл бойы түрлі шараларға шақырып, рухани әрі материалдық қолдау көрсетіп жүрген ұйым басшылығына ата-аналар алғыстарын жеткізді. Шара соңы дастархан басында жалғасып, естелік әңгіме айтуға ұласты.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button