Жаңалықтар

«Қаламгер» көрерменге жол тартады

Азия қаламгерлерінің бірінші форумына қатысып жатқан сөз сүлейлері танымал жазушылар мен олардың шығармашылық өмірі жайлы баяндайтын «Қаламгер» телехикаясының жабық қойылымын көрді.

Соңғы кездері «Хабар» телеарнасы өнер, әдебиет, мәдениет қайраткерлерінің өмірі бейнеленген көркем, деректі фильмдерді көптеп түсіріп, көрермендерге ұсынуда. Сол үрдіс бойынша түсірілген «Қаламгер» фильмінің жөні бөлек. Қылышынан қан тамған Кеңес одағының ұлт зиялыларына жасаған қиянаты, әдебиет пен өнерге салған бұғауы да аз болмағаны белгілі. Міне, сол тарихи дәуірді астар еткен фильмде өткен ғасырдың 70-80 жылдарындағы қазақ қаламгерлерінің жағдайы баяндалады.
– Тарихи шындық пен дәуірлік ерекшелікті ашып көрсету мақсатында түсірілген бұл фильм өте сәтті шыққан. Көріп отырып көзіме жас алдым. Фильм­де айтылған қалмагерлердің кейбірі арамызда жүр, кейбірі әлдеқашан бақилық болған. Өз басым бұл фильмді ұлыларға тағзым, өткенге құрмет деп білемін, – деді ақын Исрайыл Сапарбаев.
Фильмнің толықметражды нұсқасы 12 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірлеріндегі кинотеатрларында көрсетіледі.Ал 14 бөлімді сериал тәуелсіздік мерекесі қарсаңында
«Хабар» мен «Еларна»-да эфиріне шығады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button