Жаңалықтар

Қауіпсіздік — өз қолымызда

Астана қай жағынан да өзгеге үлгі болуы керек. Әсіресе, елі­міздің бас қаласы өмір сүруге қолайлы, қауіпсіздігі жан-жақты қамтамасыз етілген болуы тиіс.

Осы мақсатта елор­даның прокуратурасы ерекше жобаны қолға алып отыр.
Астана қаласы прокуратурасының 1-ші басқармасынан бізге жеткен ақпарат бойынша, тың жоба «Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеу» деп ата­лады. Онда елордалық кез келген тұрғын өзі көзімен көрген, куә бол­ған құқық бұзу­шылықты фото, бей­не­жазбаларға түсіріп, 115.kz. (электрон­ды қолтаңба болса) порталына жолдай алады немесе www.youtube.com порталындағы іздеу бөлімінен «Актив.Астаны» каналын тауып, сонда жазбаны орналастыруға болады.
Ал тиісті орган өкілдері тұр­ғындар жіберген құқық бұзу­шылық деректердің ешқайсысы ескерусіз қалмай, тиісті шаралар қолда­ны­латынын айтады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button