2022 - Балалар жылы

«Қазақконцерттің» балаларға базарлығы

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы биылғы Балалар жылының аясында «Балалар филармониясы», «Арман асулары» жобаларын қолға алып, халықаралық «Alem saz» фестивалін, «Ортеке» дәстүрлі театр өнері форумын өткізеді, «Алдар көсе» мюзиклінің премьерасын ұсынады.

[smartslider3 slider=3725]

«Арман асулары» атты ерекше балаларға арналған инклюзивті жобаны бастағалы жатырмыз. Еліміз ­бойынша таланты бар ерекше балаларды жинап, сахнаға шығуына жағдай жасаймыз. Сол сияқты олар біздің өнер жұлдыздарымен бірге ән айтатын болады. Сонымен қатар бізде «Ортеке» атты қуыршақтар театры бар. Аталған өнер ұжымы биыл ЮНЕСКО-ның тізіміне енді. Осы орайда елімізде ­қуыршақтар форумын өткізу жоспарда бар» дейді «Қазақконцерт» директорының шығармашылық қызмет бойынша орынбасары Серік Нұрмолдаев.

Сонымен қатар «Қазақконцертте» балаларға арналған «Жазғы кино» жобасы жалғасып жатыр. 16 тамыз күні жеткіншектер сағат 10.00 және 12.00-де «Паралимпиец» фильмін тамашалай алады. Жас шектеулігі 6+. Билеттер алу үшін: 8 708 888 1991 нөміріне WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы жазу керек.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button