Жаңалықтар

Қазақстан сарбаздары БҰҰ миссиясына қатысады

Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовтың айтуынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әскери бақылаушы және штаб офицері ретінде Қазақстан Қарулы күштері қызметкерлерінің БҰҰ-ның миссияларына қатысу географиясын кеңейтуді ұсынған.


«Қазақстан Қарулы күштерінің 40 офицерін БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы миссиясына, Кипрдегі бейбітшілікті қорғауға, әскери бақылаушы ретінде Үндістан мен Пәкістанға, БҰҰ-ның уақытша әскери күштері есебінде Ливанға, референдум өткізу үшін Батыс Сахараға жіберу туралы ұсыныс енгіземін» деген Президенттің сөзін министр оқып берді. Қос палата депутаттары Елбасының ұсынысын қолдады.
Отырыстан кейін журналистер Сәкен Жасұзақовтан Таяу Шығыс елдерінің арасында Сирияның бар-жоғын сұрады. «Сирия біз жоспарлаған елдердің тізіміне кірмейді. Біз офицерлерімізді жіберетін елдердің барлығында қауіпсіздік қамтамасыз етілген. БҰҰ-ның бұл миссиясының жүзеге асырылып келе жатқанына 40 жыл болды. Үндістан – барынша тыныш, қауіпсіз мемлекет. Ол жақта ешқандай қауіп жоқ» деді министр бірден жауап қатып. Оның үстіне, біздің офицерлерге төленетін жалақы көлемі де жоғары екен.

Төлен ТІЛЕУБАЙ

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button