Қоғам

Қажылыққа 3000 квота бөлінді

Еліміздің қажылары биыл Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан Жидда (яғни, Мекке қаласына) бағыты бойынша тікелей рейс арқылы ұшады, деп хабарлады ҚР Діни басқармасының баспасөз қызметінен. 

20160524184422

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2016 жылдың басында Сауд Арабия Ко­роль­дігі (САК) Қажылық министрлігінің жаңа талап­тарына орай, еліміздегі қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмалар арасында алғаш рет ашық байқау жариялаған болатын. Ашық конкурсты жариялаудағы негізгі мақсатымыз – қажы­лық сапарының сапасы мен қызметін жақсартып, жерлестеріміздің қауіпсіздігін жан-жақты қам­тамасыз ету», – делінген хабарламада.
ҚМДБ жариялаған конкурс нәтижесінде 10 турфирма іріктеуден өтті. Оның тізімі төмендегідей: «Хидаят нұр», «Яссауи», «Атлас туризм», «Хикмет тревель», «Дельта тревель», «Қызмет саяхат», «Әл-маруа», «Санабль», «Аңсар круиз» және «Нұр-Қазақстан».
Биылғы қажылық маусымы тамыз айының 30-ынан басталып қыркүйек айының 22-сінде аяқталады. Жерлестеріміздің таңдауына орай, биылғы қажы­лық маусымының ең қысқа мерзімі – 14 күн. Бұдан да ұзақ мерзімді таңдайтын азаматтар үшін 25 күнге жоспарланған арнайы рейстер ашылған. Биыл еліміздің қажыларына 3000 квота бөлініп отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button