SportЖаңалықтар

“ҚАЗСПОРТ” АРНАСЫНА – 1 ЖЫЛ

ҚАЗСПОРТ

Кеше “Керуен” ойын-сауық сауда орталығында еліміздегі тұңғыш спорт хабарлары арнасы бір жылдық мерейтойын атап өтті. Мерекелік шараны «Қазақстан» телерадио корпорациясы» АҚ басқарма төрайымы Нұржан Жалауқызы ашты. Ол арна қызметкерлерін құттықтап, толағай табыс тіледі. Сондай-ақ, бас қосу барысында Республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Тағы бір маңызды сәт – тұңғыш отандық спорт телеарнасын құттықтауға АҚШ-тан Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы Нелли Ким келді. Мерекелік шарада аты аңызға айналған гимнастшы, Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы Нелли Ким туралы түсірілген «Біздің Киманелли» деректі фильмі көрсетілді. Бұл – отандық телеарна тарихында түсірілген алғашқы өмірбаяндық фильм. Туындыда атақты спортшының өмірі мен спорттағы жетістіктері туралы толық баяндалады.

Сонымен қатар, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин, Азия ойындарының абсолютті чемпионы Әлия Жүсіпова және басқа да атақты спортшылар кеш қонақтары болды.

Мерейтой соңында жиынға қатысушылар дастарқан басында бас қосты.

Сапарғали ҚАНАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button