Имантаразы

Құрбандық шалатын орындар

Қасиетті мерекенің алғашқы күні таңертеңнен бастап елорда мешіттерінде Айт намазы оқылады. Бұл туралы қалалық Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов онлайн брифингте мәлім етті.

[smartslider3 slider=3436]

Нұр-Сұлтанда бекітілген мал сою орындарында құрбандық шалынады. Сондай-ақ мұны «QURBAN2022.kz» Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайты арқылы да онлайн жасауға болады. Онлайн шалынған малдың еті түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.

Биыл құрбан шалу үшін мына орындар белгіленді:

  1. «Жайлау» базары, Алаш тас жолы, С 313 көшесі («Шарын» базарының арт жағы);
  2. «Шанхай» базары, Алаш тасжолы, 34/6 («Көк базар» базарының арт жағы);
  3. «Шопан ата» базары, («Рубиком» және «Әмір» базарының ортасы);
  4. «Баракат» базары, А 369 көшесі, №10 ғимарат.
  5. «Шәушен» шаруа қожалығы, Алаш тасжолы, 136 Б;
  6. «Темеш» шаруа қожалығы, Айналма жол, 229, 1а.
  7. «Ұлжан» әмбебап базары, Н.Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы «Саянұр» базары).

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында құрбандық қойлардың бағасы 45-50 мыңнан басталады. Ескеретін бір жайт, құрбанға тоқты шалуға тура келсе, ол 6 айға толған марқа қозы боу­лы керек. Сахаба Жәбирден жеткен хадисте Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Тиісті жасына толмаған малды құрбанға шалмаңдар. Егер бұл сендер үшін ауыр болса, онда алты ай толған қойларды шалуларыңа болады» деген.

«Құрбан айт» мерекесі күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа да діни мәселелер бойынша ақпарат алу үшін тәулік бойы «109» Call-center жұмыс істейді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button