Жаңалықтар

Құрметті Елорда тұрғындары мен қонақтары!

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Сіздерді Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай 15 – 16 қазанда  Астана қаласында өтетін «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Оңтүстік Қазақстан облысының күндеріне шақырады.

014

«Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» іс-шара аясында облыс делегациясы Астана халқын өңіріміздің тарихы, мәдениеті және негізгі жетістіктерімен таныстырады. Бұл күндері төмендегідей іс-шаралар өтеді:

  • «Шырайлы Оңтүстіктің шежіресі» атты көрмесі (15 қазан сағ.11.00-де, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде);
  • «Балаларға – базарлық», «Толағай», «Қазақстан барысы», «Қазақстан бренді», «Қошқар ата мен теке», «Момын және қарақшылар», «Мұңлық – Зарлық», «Нәурізек» аннимациялық фильмдерінің көрсетілімі (15-16 қазан күндері сағ. 11.00-17.00 аралығы, Астана қаласының оқушылар сарайы);
  • «Ұлысымның ұйытқысы – Оңтүстік» облыс ақын-жазушыларының кездесу кеші мен кітап көрмесі (15 қазан сағ.15.00-де, Ұлттық Академиялық кітапхана);
  • Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының С.Досановтың «Тозақ шеңбері» қойылымы (15 қазан сағ.18.00-де, Астана жастар театры);
  • «Оңтүстік жайдарманшылары» жайдарман ойындары (15 қазан сағ.18.00-де, Жастар орталығы);
  • «Қазақстанда жасалған» акциясының шеңберінде ауыл шаоруашылығының және кәсіпорын өнімдерінің нарық бағасынан арзан жәрмеңке (15-16 қазан күндері сағ.9.00-19.00 аралығы, «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы);
  • «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы (16 қазан сағ.12.00-де, Астана қалалық қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі, Балалар психоневрологиялық медециналық-әлеуметтік мекемесі);
  • Оңтүстік Қазақстан облыстық этномәдени орталықтары өкілдерінің қатысуымен «Ет асу» фестивалі (16 қазан сағ. 13.00-де, Мұнтаз мейрамханасы);
  • Композитор Ш.Қалдаяқовтың ескерткішін орнатуға байланысты белгі қою іс-шарасы (16 қазан сағ.16.00-де, Ш.Қалдаяқов көшесі)
  • «Ән шашуым өзіңе, мерейлі Астанам!» Гала-концерті мен «Нұрын шашқан-Оңтүстік» фотокөрмесі (16 қазан сағ. 18.00-де, Конгрес холл залы).
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button