ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Құтқарушылар – жанқиярлық  мамандық

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға жанқиярлық еңбегі мен батылдығы үшін алғыс айтты.

[smartslider3 slider=369]

«Құтқарушыларымызды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Олар жүздеген адамды қауіптен құтқарып қалды. Оларға жанқиярлық еңбегі, ерлігі және өз ісіне деген адалдығы үшін алғысымды білдіремін!
Батырларымыздың құрметіне биыл құтқарушылар саябағы ашылды. Құтқарушылар саябағы аумағында (А.Янушкевич және А.Пушкин көшелерінің қиылысы) азаматтық қорғау қызметінің үздіктеріне арнап құрмет тақтасы орнатылды. Оның аумағы балалар мен ересектерге арнап бөлінді. Кедергі жолақтарын қоса алғанда, экстрим-спортын қолдауға арналған паркур-алаң орнатылды. Бұл қоғамдық кеңістік қала тұрғындарын, құтқарушлардың жанқиярлығына таңырқай қарайтын өскелең ұрпақты баурап алды.
Өткен жылы Байқоңыр ауданында өрт сөндіру депосы ашылып, 10 арнайы машина берілді. Сондай-ақ тағы үш өрт сөндіру депосын саламыз, олардың екеуі елді мекендерде ашылады, қосымша 50 арнайы машина өткізу жоспарда бар. Бұдан бөлек, тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар санатын кеңейттік (Қазақстандық тұрғын үй компаниясы), жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық, онда ТЖД және полиция департаменті қызметкерлерінің санаты жеке қарастырылды.
Біз құтқарушыларымыздың қажырлы еңбегін мақтан тұтамыз! Кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!» деп атап өтті әкім өзінің құттықтауында.
Мереке қарсаңында құтқарушылар саябағы алаңында азаматтық қорғау қызметінің сапын толықтырған жас құтқарушылар ант қабылдады.

[smartslider3 slider=689]

–20 жас қызметкер ант қабылдады.Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында 18 өрт сөндіру бөлімі мен 1 жедел құтқару жасағы бар. Оларда 1726 қызметкер еңбек етеді. Жыл басынан бері біздің қызметкерлер 4185 рет шақыртуға шықтық. Шақыртулар кезінде 385 адам құтқарылып, 400-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылды, – дейді Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің бастығы Назарәлі Селимов.
Салтанатты шарада еліне адал қызмет етуге ант берген жас құтқарушы Әлішер Жәнібек те өзгелердің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аянбай қызмет етуге дайын екендігін жеткізді.
– Бұл қызмет менің бала күнгі арманым, Алдағыуақытта Қазақстан Республикасы азматтарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайынмын. Әрі ел үшін ештеңеден тайынбайтын жастарды азаматтық қорғау саласында қызмет етуге шақырамын, – деді Әлішер Жәнібек.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button