Қала мен Сала

Құжат қабылдау басталды

Елордада «Тұрғын үй орталығы» «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге құжаттарды қабылдау басталды.

Бұл бағдарламаға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау салаларында, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігіне бағынысты мекемелерінде, атап айтсақ, Астана қаласының Полиция департаменті және оның бағынысты мекемелерінде және Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті және оның бағынысты мекемелерінде жұмыс істейтін, кез келген санаттағы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады.

Бағдарлама бойынша берілетін пәтерлер саны: 50. Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй. 1 шаршы метрге жалға алу құны – 1455 теңге.

Баспананы жалға алудың ең ұзақ мерзімі – сатып алу құқығымен 20 жылға дейін. Тұрғын үй жалға алу мерзімі өткеннен кейін жалға алушының меншігіне өтеді. Табыс жеткіліксіз болған жағдайда кепілгерлерді тарту мүмкіндігі қарастырылған. Орналасқан жері: Сарыарқа ауданы Көктал елді мекені, 12-95 көш, 12/1 үй. Өтінімдерді қабылдау электронды түрде  qatysu.zhilfond.kz порталында 3 наурызға дейін жүргізіледі.

Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтініш беру үшін ЭЦҚ кілті және өтінім берген сәтте 10 күннен кешіктірмей берілген мекеменің фирмалық бланкісіндегі жұмыс орнынан анықтаманың сканерленген нұсқасы болса жеткілікті.

Егер сіз өтініш берген кезде, мысалы, екі бөлмелі пәтерді таңдасаңыз және таңдау нәтижелері бойынша оған сәйкес келмесе, сіз пәтердің басқа түрін таңдай алмайсыз және қайта өтініш бере алмайсыз.

Бағдарлама 2 кезеңде жүзеге асырылады:

1) Қатысуға өтініш беру және кезекке қою күніне сәйкес іріктеу;

2) Кезекке қою күні бойынша байқаудан өткеннен кейін Қазақстан тұрғын компаниясында төлем қабілеттілігі рәсімдерінен өту қажет. Жедел желі телефоны: 8 800 080-44-48 ҚЖК).

Өтінімдерді қарау нәтижелері туралы кейінірек zhilfond.kz, «Астана қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ сайтында – gov.kz және Тұрғын үй орталығында әлеуметтік желілерінде жария­ланады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button