#Жаңа Қазақстан

Референдум – жаңа қоғамдық келісім

Жақында жүргізілген әлеу­меттік зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 78 пайызы қоғамда өзгерістерге деген сұраныс бар екендігін көрсетті.

[smartslider3 slider=2973]

 

Референдум – бұл жаңа әлеуметтік келісім жасау үшін берілген жауап. Қазір азаматтарға ойын ашық жеткізуді үйренетін уақыт келді. Ал алдағы референдум оларға өз пікірін ашық білдіруге мүмкіндік береді. Халық саяси шешімдер қабылдау процесіне көбірек көңіл бөлуде. Мұны үміткерлердің басым көпшілігі өзін-өзі ұсынған ауыл әкімдерінің сайлауынан да байқауға болады. Яғни, мұның бәрі біздің азаматтық санамыздың өсіп, саяси мәдениетіміздің арта түскенін көрсетеді. Бұл үрдіс одан әрі жалғасады. Ең бастысы, біздің қоғамдағы өзгерістерге бұқара мен билік бірдей дәрежеде мүдделі екенін көріп отырмыз. Нәтижесінде халықтың Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген сенімі нығая түседі. Ал сенім бар жерде бірлік, бейбітшілік, даму бар. Еліміз өзінің тарихындағы дамудың жаңа белесіне көтеріледі.

Мәдина НҰРҒАЛИЕВА,

Amanat партиясы

Қоғамдық саясат

институтының директоры

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button