#Жаңа Қазақстан
Сайлау учаскеңізді білесіз бе?

Астана қаласының тұрғындары сайлау учаскелерін бірнеше тәсілмен онлайн біле алады:
- Веб-қызмет: https://sailau.astana.kz/
- Telegram-дағы Чат-бот: https://t.me/sailau_astana_bot
- Smart Astana мобильді қосымшасы;
- IKomek бірыңғай байланыс орталығы 109 телефоны бойынша.
Еске салайық, 2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.