Мәдениет

«Сәлем, елорда!»

«Сәлем, елорда!» І республикалық өнер фестивалі өз мәресіне жетіп, оның жетістіктері «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында өткен дөңгелек үстел мәжілісінде қорытындыланды.

Аталған жиынға еліміздің әр өңіріне қарасты 17 филармонияның басшылары қатысып, байқау нәтижесімен бірге өнер саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер департаментінің директоры Күміс Сейітова өз сөзінде «ҚР Мәдениет туралы» заңына енген өзгерістер мен толықтыруға тоқталса, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдуллаұлы «Республикалық концерттік-гастрольдік қызмет орталығының» жұмысын жақсы атап өтті.
«Министрліктің бастамасымен жүзеге асқан «Сәлем, елорда!» І республикалық өнер байқауы елеулі іс-шараның біріне айналды. Менің ойымша, өңірлердегі озық орындаушылар мен үздік шығармашылық ұжымдарды қалың бұқараға таныту үшін осындай маңызды жобалардың қатарын арттыра беруіміз қажет» деді Жеңіс Сейдуллаұлы.
Сондай-ақ «Қазақстан» орталық концерт залында «Сәлем, елорда!» І республикалық өнер фестивалі гала-­концертінің телевизиялық түсірілімі өтті. Оған өңірлік өнер ұйымдарының үздік нөмірлері топтастырылды. Бұл концерт Тәуелсіздік мерекесіне орай 17 желтоқсанда «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button