Қоғам

Саңлақтар сабақ берді

Астанадағы №35 мектеп-лицейде денешынықтырудың ерекше үлгісі өтті. «Физкульт-Ура!» әлеуметтік жобасы аясында оқушыларға сабақты Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері Гюзель Манюрова мен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко жүргізді.

kbb_9092

Балалар кәсіпқой спортшылардың жетекшілігімен жаттығу жасап, эстафеталық ойындарға қатысты. Олимпиада чемпиондары дененің барлық бұлшық етін дамытуға арналған жаңа фитнес-технологиялардың үздік қимылдарын көрсетті.

Гюзель Манюрова спорттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіріп, оқушыларға бүкіреймей, арқаны тік ұстап жүруге бағытталған жаттығу топтамасын жасатты.

– Мұндай шаралардың арқасында балалар үлкен жетістіктер мектептегі шынығудан басталатындығын ұғады.
Теледидардан көріп жүрген ел мақ­таныштарын мұғалім ретінде танып, денешынықтыруға деген қызы­ғушылығы артады. Бұл жобаға Данияр Елеусінов те қолдауын білдірді. Алдағы уақытта ол өзі оқыған №54 мектеп-лицейінде сабақ өткізбекші, – дейді «Астана» Президенттік клубының спорттық менеджері, олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button