Қала тіршілігі

«Сақалды» құрылыстар саны азаяды

Астанада сақалды құрылыс нысандарының мәселелерін шешуде жүйелі жұмыс жүргізілуде. Әкімдікте «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының үлестік құрылыс жобасы бойынша салынатын нысандардың мәселелері қаралды.

Өткен жылы қала әкімі Әсет Исекешев «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша елордадағы проблемалы нысандарды реттеу жөнінде бастама көтерген болатын. Соған орай несиелік қаражат есебінен күрделі тұрғын үй құрылысы жобаларын аяқтауды қаржыландыру, құрылыс жұмыстарын үйлестіру және бақылау мақсатында Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-тің уәкілетті ұйымы құрылған-ды. Жалпы, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде заңға сәйкес құрылыстық кәсіпорындардың немқұрайлы құрыл­тайшылары заң бойынша жауапқа тартылып, құрылыс алаңдары «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС уәкілетті ұйымына берілген болатын. Мысалы, «Шығыс» тұрғын үй тобы 3А, «Шығыс» тұрғын үй тобы 3Б, «Жағалау-3» блогы, «Жағалау-4» блогы сынды проблемалы нысандар қалпына келтірілді. Мамандардың мәліметінше, қазіргі уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынатын 36 нысанның 27-і тұрғын үй кешені болып отыр. Әкімдік тарапынан қаржыландыру мәселесін шешу жолдары қарастырылуда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 12 шілдесінде «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС тұрғын үй-құрылыс кооперативімен бірлесіп, «Баспана Көктал» мен «Мирный дом» тұрғын үйлерінің құрылысын аяқтау жөнінде бірқатар меморандумға қол қойылған болатын. Жиын барысында мамандар бұл жұмыстың әлі де қарқынды түрде жүргізілетінін жеткізді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button