Денсаулық

Қалаған емханаға қаралыңыз

Елімізде 2018 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін азаматтарды бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне, яғни емханаларға тіркеу басталады.

Әрбір азамат өзінің қалауы бойынша кез келген емханаға тіркеліп, қызмет түрлерін ала алады. Ескеретін жайт, емхана таңдау барысында саналы түрде шешім қабылдап, оның үйіне, жұмыс орнына жақын немесе өзіне қолайлылығына назар аударуы шарт.
Емханаға тіркелу үшін әлеу­меттік медициналық сақтандыру қорының қызмет көрсетушілер тізімінен емхананы таңдау қажет. Аталған тізім Қордың fms.kz сайтында орналасқан. Таңдау жасалғаннан кейін азамат ұйымның тіркеу бөліміне жеке куәлігімен келіп, бас дәрі­гердің атына өтініш жазуы қа­жет. Емханаға тіркелу барысында өтініш қабылданбайтын жағдайлар болады және оларды түсіністікпен қабылдаған жөн.
Біріншіден, бір дәрі­гер­ге тіркелген адам саны екі мыңнан асып кеткен жағ­дай­да, өтініш жазған азамат медициналық қыз­мет көр­­­сету аймағынан тыс жерде тұрып жатқан болса, оның өтініші қабылданбайды. Ал осы медициналық ұйымға қа­райтын әкімшілік учаскесінің тұрғылықты тұрғынының өті­ніші ескеріледі.
Екіншіден, емхананың қызмет көрсететін учаскесінен тыс ау­мақта тұратын адам үйге дәрігер шақырту қызметінен бас тартуға келіспеген жағдайда, ол азамат дәл осы емханаға тіркеуге тұра алмайды. Өйткені медицина мамандары дер кезінде нау­қастың үйіне көмек көрсету үшін берілген уақыт ішінде жаяу жетіп үлгермейді.
Емханаға тіркелудің екінші жолы – онлайн тәртіпте, egov.kz порталы арқылы. Ол үшін азаматтың электрондық цифр­лық қолтаңбасы болғаны жет­кілікті.
Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға келетін болсақ, олар емханаларға кедергісіз тіркеле алады.
Азаматтар басқа БМСК ұйы­мына тұрғылықты мекенжа­йын, жұмысын, оқу орнын ауыс­тырғанда, жазасын өтеу мер­зімі аяқталғаннан кейін, әскери қызметін өтеп болғаннан кейін, алғашқы медициналық-сани­тарлық көмек ұйымы қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылған жағдайда, сонымен қатар, бұрынғы емханадағы қызмет сапасы көңілден шық­пайтын болса, басқа емханаға тіркеле алады.
Естеріңізге сала кетсек, ӘМСҚ медициналық мекемелердің қызмет көрсету сапасын бағалау мақсатында «МСҚ: Халықтық бақылау» мобильді қосымшасын іске қосқан болатын. Мобильдік қосымша азаматтар үшін емхана таңдау мәселесін едәуір жеңілдететіні сөзсіз.
«Елордада кепілдендірілген тегін медициналық көмек көр­сету аясында тұрғындарға 51 ұйым қызмет көрсетеді. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда едәуір өсті» дейді Астана қаласы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» қорының КЕАҚ филиалы директорының орынбасары А.Амангелдиев.

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқар­масына қарасты 37 медици­налық мекеме жұмыс істей­ді.

Жыл сайын:
Елордада 30 000-ға жуық нәресте дүниеге келеді.
Басқа аймақтардан келіп емделетіндер 65 000-нан асады.
Астанада емделіп жатқан әрбір 3-ші науқас қаладан тыс жерде тұрады. Елордада өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші – 76,2 жас.

Елорданың 20 жылды­ғында туу көрсеткіші 2,3 есеге өсті
өлім деңгейі 2,8 есеге тө­мен­деді
туберкулезден өлім – 18,6 есе
миокард инфарктісінен – 4,1 есе
ана өлімі – 11,8 есе
сәби өлімі 3,5 есе төмен­деді.
2018 жылдың бірінші жартысында қала ауруханаларында 25 000-нан аса пациент емделді.
4 500-ден аса ота жасалды
тұрғындар жедел жәрдем қызметіне 190 000 рет жүгінді
тегін дәрі-дәрмек 60 000-нан аса пациентке берілді
217 000-нан аса адам бір­ыңғай ақпараттық медици­на­лық call-орталығына жү­гінді.
«SMART Meдицина» жобасы бойынша 800 000-нан аса медициналық құжаттар элек­трондық форматқа кө­шірілді.
Астана тұрғындарының 93%-ы электронды денсау­лық паспортына ие болды.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button