Ел тынысы

Сарыарқа ауданында ұлттық тағамдар байқауы өтті

Астана қаласының Сарыарқа ауданында студенттер арасында қазақ ұлттық тағамдарының байқауы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Наурыз мейрамы қарсаңында Сервис және туризм колледжінде студенттер арасында «Ұлы даланың ұмытылған дәмдері» аспаздық байқауы ұйымдастырылды.

Жарыстың басты мақсаты – ұлттық тағамдарды дәріптеу, ұлттық аспаздық дәстүрлерді сақтау. Байқауға қатысушылар мерекелік дастархан жайып, қазаққа тән кең пейілділік танытты. Қатысушылар ата-бабалардан сақталған ұлттық тағамдардың жасалу жолынан бөлек, оларды жасаудың заманауи әдіс тәсілдер арқылы тағамдарын безендіріп, келушілерге ерекше дәм ауыз тигізді.
——

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button