ДенсаулықЖаңалықтар

СЕУЛ АУРУХАНАСЫМЕН СЕРІКТЕСТІК

Астана қаласының №2 ауруханасы мен Оңтүстік Кореяның Сунг Кван Чаум медицина қорымен өзара меморандумға қол қойды. Осы құжаттың аясында елордаға Сеулдегі әйгілі Ча Бунданг ауруханасының білікті гастроэнтеролог-дәрігері, профессор Ко келіп, әріптестерімен тәжірибе бөлісті.

9cc26a3f8a9bf75308b458406d6

Ча Бунданг ауруханасы 1960 жылы құрылған. Жарты ғасырдан астам тарихы бар медицина орталығында жылына миллионнан астам адам емделіп шығады екен.

Кореяда ғана емес, дүниежүзінде алдыңғы қатарлы клиника болып саналатын Ча Бунданг ауруханасында бүгінде 2 мыңнан астам дәрігер мен медбике жұмыс істейді. Онда 1 мыңнан астам стационарлық төсек, 20-дан астам опе­рациялық блок бар. Барлығы 35-тен астам бөлімшесі бар аурухана емдеуде тың технологияларды қолдану жағынан да көш бастап тұр. Бір ғана мысал, 2010 жылдан бері ауруханада адам өмірін ұзартатын және жасартатын «Чаум» орталығы ашылды. Бүгінде осы орталықты арнайы іздеп, дүниежүзінің түпкір-түпкірінен келетін адамдар көп. Жақын арада «Чаум» орталығының бір бөлімшесі Астанада да ашылады деген жоспар бар.

Сонымен, профессор Ко астаналық әріптестеріне гастроэнтерология сала­сындағы тың технологиялар жөнінде әңгімелей келе, №2 қалалық ауруханада жатқан, асқазанында қатерлі ісік пайда болған пациентке жаңа әдіспен операция жасап көрсетті. Бұл ота эндоскопиялық әдіспен жасалды. Яғни сырқаттың ас­қазанына пышақ тигізбей, арнайы құрылғы арқылы ісік алынып тасталды. Бұл әдіс операциядан кейінгі асқынулардың алдын алып, науқастың стационарда жату ұзақтығын анағұрлым қысқартады.

Асқазанға отаның мұндай түрі Астана ауруханасында бұрын-соңды жасалған емес.

Енді меморандум аясында биылғы жыл­дың қазан айының басында №2 қа­лалық аурухананың эндоскопист-дәрігері мен гинеколог-маманы Оңтүстік Кореяның осы ауруханасына екі айлық оқуға жіберілмек.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button