Ел тынысы

«Шәкәрім оқулары» республикалық әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында II «Шәкәрім оқулары» республикалық байқауының қорытындысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Әдеби байқауға 2000-нан астам оқушы қатысқан. Байқауға қатысушылар – 5-8 сынып оқитын, Қазақстанның барлық аймағынан келген кітапхананың жас оқырмандары.

Финалға 17 облыстан және Астана мен Алматыдан келген 18 қатысушы өтті. Жарыс екі кезеңнен тұрды. Біріншісі облыс аралық байқау, кейін әр облыстың үздігі атанғандар ақынның өлеңдерін жатқа оқып финалда бақ сынады.Сонымен қатар Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақ-жауапқа қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдені астаналық 5 сынып оқушысы Едіге Килымбекұлы жеңіп алды, 1 орынды Тараз қаласының 7 сынып оқушысы Әдия Әділахмет, 2 орынды Батыс Қазақстан облысынан келген, 8 сынып оқушысы Кәусар Ислямқызы, 3 орынды Абай облысынан 5 сынып оқушысы Айару Әлібек иеленді.

Жеңімпаздарға және өзге қатысушыларға демеушілер есебінен бағалы сыйлықтар берілсе, жетекшілері арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Байқау балалар мен жасөспірімдер арасында Шәкәрім Құдайбердіұлының мол мұрасымен танысып, шығармаларын насихаттап, оның терең философиялық еңбектерін түйсінуге бағытталған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button