Басты ақпаратҚоғам

Шеберлік сабақтары

Танымал журналист, Президент грантының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай «Elorda Aqparat» медиасеріктестігі журналистеріне келіп шеберлік сабағын өткізді.

«Жазу және редакциялау технологиясы» екі күндік семинар-­тренингінде жас журналистер жазу, сөйлеу, редакциялау бойынша құнды мәлімет алды, тәжірибесін шыңдады. Практикалық сабақ кезінде сайтқа, газетке шыққан материалдар талданып, кемші­ліктер түзетілді, бағыт беру мақсатында Қайнар Қалиақпарұлы өз тәжірибесімен бөлісіп, кешегі, бүгінгі заманауи журналистика­дан нақты мысалдар келтірді. Журналистикадағы тіл тазалығы үшін күресіп жүрген қаламгер осы салаға қатысты көптеген өзекті мәселені қозғады.

– Тіл ешкімге керек болмай бара жатыр. Ең үлкен дәлелім – қазіргі жас журналистердің «Айту керек» дегенді «Айту керек-піз», «Баруым керекті» «Бару керек-піз» деп айтып, жазып жүргені. Бұл дұрыс емес. Бұған журналистер назар аудармайды, оларға керегі – әулекі, желөкпе тақырыптар, бірақ соның өзін жеріне жеткізіп, майын тамызып жаза алмайды.Тілдің өзінің нормалары бар, журналистер сол талаптарды сақтамайды. Журналистің өзі тілдік норманы сақтамаса, тіл тазалығы үшін қалай күреседі?! – дейді ол.

«Elorda Aqparat» медиасеріктестігі журналистері, корректорлары екі күннің ішінде білгір, тәжірибелі практик журналистен көп пайдалы нәрсені үйренді, ақпараттарына қанық болды. Қазір ешбір журфакта берілмеген, айтылмаған дүниелер редакциядағы тәжірибелі журналистерді де қызықтырып, семинардағы қызықты дәрісті үзбей тыңдады, қажетті сауалдарына жауап алды.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button