БілімЖаңалықтарРуханият

СОЛТҮСТІКТЕ ҚАНАТТАНҒАН ҚАРШЫҒА

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі қаламгер, рәмізтанушы, бір сөзбен түйіп айтқанда, халқымыздың асыл перзенті Ербол Шаймерденұлына арналған «жүректегі жазулар» деп аталған еске алу кеші өтті.

erm_5781

Айтулы шараға елорда- дағы зиялы қауымның бәрі жиналды. Бәрі де абзал азамат туралы толғанып сөйледі. Ербол ағамыз 12 мамыр күні өмір есігін ашып- ты. Қаламгер көзі тірі болса сол күні пайғамбар жасына келіп, ортамызды толтырып отыратын еді. Иә, «еді» деген сөздің өзі адамды өткен күн- ге жетелейді. Асыл ақын Солтүстік Қа- зақстан облысындағы Жаңа- жол деген алақандай ауыл- да туған. Бұл – көрнекті сөз зергері Ғабең дүниеге келген әйгілі Елтінжал өңірі. Жүй- рік ақын Ғафу Қайырбеков көрнекті жазушымен сапар- лас болған сырлы сәттерінен Елтінжал туралы мөлдіретіп кітап жазғанын білеміз.

Ербол ағамыз да Елтінжалды айрықша жақсы көрген. Міне, осындай табиғаты көркем өлке- ден қанаттанған қаламгердің өмірде- гі алар асуы биік болды. Облыстық газеттегі қарапайым тілшіліктен басталған жол үлкен даңғылға айнал- ды. Республикалық жастар газеті мен бас басылымның облыстағы меншікті тілшісі, Орталық комитеттің сектор меңгерушісі, Президенттің тұңғыш баспасөз хатшысы, Қазақстан Парла- ментінің ақпарат қызметінің жетек- шісі болды. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Тілдерді дамыту жөніңдегі депар- тамент директоры, ҚР Үкіметі жа- нындағы терминология жөніндегі Мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Бір- неше кітабы жарық көрді.

erm_5758

Әсіресе, мемлекеттік рәміздер туралы жазған тамаша еңбегін бөлектеп айтуға бола- ды. М.Дулатов атындағы сыйлықтың лауреаты атанды. Біз мұны неге тіз- белеп отырмыз? Өйткені Ербол аға- мыздың жүрген жолында жылылық пен ізгіліктің, халқыма титтей де болса пайдам тисін деген шынайы адалдықтың ізі сайрап жатыр. Оны еске алу кешіне қатысқан бір сапта жүрген әріптестері, достары, жер- лестері төгілтіп жеткізді. Шараны белгілі жазушы Қуаныш Жиенбай жүргізіп отырды. Парламент Мәжілісінің депутаты, көрнекті публицист, ғалым Сауытбек Абдрахманов Шаймерденұлы негізін салған қанатты сөздерге тоқталды. «Қазір біз «рухани жаңғыру, сананы өзгерту» туралы көп айтып жаты- рмыз.

Осындай тұста бізге керек адамның біреуі – Ербол еді. Ол – шын мәнінде, жаңа тұрпаттағы журна- листика мен публицистиканың үл- гісін жасаған азаматтардың бірі. Біз көбінесе Ерекеңнің рәмізтанудағы еңбегін, ақындығын, көсемсөзін ай- тамыз. Солардың ішінде көп ауызға алынбайтын бір қыры бар. Ол – қа- зақтың қанатты сөздерін бір жүйе- ге келтіріп кеткендігі. Орыс тілінде афоризмдер жинағын жасау қиын емес. Ал Ерболдың атқарған ісі үл- кен. Мәселен, Әбіш Кекілбаевтың қанатты сөздерінен 6-7 бет жасау үшін міндетті түрде жазушының 12 томдығын мұқият қарап шығу керек. Сол секілді Асқар Сүлейме- новтің афоризмдерін жинау қажет болса оның да барлық туындыларын оқу қажет.

Тағы да арғы-бергі жыраулардың еңбектерінен де қаншама қа- натты сөздерді сүзіп шыққан. Осы қажырлы еңбекті ерекше айту парыз. Ол бір том үшін жүз том қарағаны кәміл. Енді Ербол жасаған кітаптар негізінде қанатты сөздер толықты- рыла береді» деп ой толғады. Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәли- ев Е.Шаймерденұлының қайраткерлік қырын кеңірек баяндады. Белгілі публицист Алек- сандр Тараков өз естелі- гінде әріптесінің ағалық қамқорлығына тоқталды. Оразгүл Асанғазы Ербол Шаймерденұлының мем- лекеттік тілді дамыту са- ласындағы қайраткерлі- гін мысалға келтірді. Елімізге белгілі ға- лым-педагог Рахман Алшанов Ербол ағаның бойында азаматтық, ұл- тжандылық қасиет со- нау студент шақтан-ақ көрініс бергенін нақты де- ректермен ортаға салды. «Бірден кәсіби жур- налист ретінде көрінді. Тың тақырыптарға түрен салды. Қарапайым тілшіліктен қайраткер- лік дәрежеге көтерілген азаматтар көп емес.

Солардың ішінде Ерекеңнің орны бөлек» деп сөз бағамдады Қы- зылжардан арнайы келген белгілі публицист Жарасбай Сүлейменов. Досы әрі курстасы Ержұман Смай- ыл: «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасында Ерболдың есімі алғашқы ондыққа кірмесе де, ортан белінен ойып тұрып орын алуы тиіс» деген ұсыныс айтты. Заңгер Сабыр Қасы- мов талантты тұлғамен қызметтес болған кездегі оқиғаларды еске алды. Танымал ақын Серік Тұрғынбекұлы арнау өлең оқыды. Сонымен бірге кеш барысында «Жүрегімен от тасыған» деген Ер- бол Шаймерденұлы туралы естелік кітаптың тұсауы кесіліп, «Мәнді өмір – мәңгі өмір» атты қаламгердің шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button