Білім

Студенттер алаңсыз білім алады

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 2018-2019 жылғы жаңа оқу жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

 

Университет жаңа оқу жылын биыл да табысты бастады. Студенттер қатары 3200-ден астам жас түлекпен толығып, жоғары оқу орны осы жылы 1717 білім грантын жеңіп алды. Мемлекеттік грант иегерлері атанған магистранттар саны 545 адамға жетті. Ал доктарант саны өткен оқу жылына қарағанда екі есе өсіп, 40 адам грант иесі атанды.

Салтанатты жиын шымылдығын университеттің басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев ашып, 1-курс студенттеріне жылы лебізін білдіріп, білім жолына сәттілік тіледі.

«Университетте студенттердің сапалы білім мен саналы тәрбие алуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Университетте электронды кітапхана, спорт залы тұрақты жұмыс істейді. Университеттің барлық жатақханалары күрделі жөндеуден өтті»  дейді  Ақылбек Қажығұлұлы.

 Қазіргі таңда оқу орны әлемнің 20-дан астам елдердің жоғары оқу орындарымен бірге ғылыми-зерттеу орталықтарымен халықаралық байланыс орнатқан. Олардың қатарында Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Қытай, Германия, Чехия, Жапония сияқты алып мемлекеттер де бар. Ол елдерде ҚазАТУ-дың 1000-ға жуық оқытушысы мен студенті білімдерін арттырып, ғылыми тәжірибеден өтуде.
Шара соңы концерт қойылып,   студенттер  өнерлерін ортаға салды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button