Басты ақпаратЕлорда тынысы

«Super әже» анықталды

Астанада зейнеткерлер арасында «Super әже-2023» сұлулық байқауы өтті. Оның жеңімпазы 76 жастағы 6 немеренің әжесі, 50 жылдық тәжірибесі бар мұғалім, ансамбль әншісі Күлпаш Қалқабекова болды.

Байқауға 63 жастан 76 жасқа дейінгі 10 зейнеткер қатысты. Олардың ішінде жоғары санатты мұғалімдер мен дәрігерлер, өнерпаздар және  республикалық еріктілер қозғалысының белсенділері бар.

Әжелер ұлттық киімдерін киіп, жиналған көпшілікке өздерін таныстырып, таланттар мен аспаздық шеберлік байқауына қатысты. Таланттар байқауында қатысушылар халық билерімен, вокалдық нөмірлермен өнер көрсетіп, өздерінің авторлық өлеңдерін оқыды. 3 кезеңнің қорытындысы бойынша Күлпаш Қалқабекова жеңімпаз болып таңдалды. Ол жарыстың тәжін киіп, 100 000 теңгелік жүлде сертификатының иегері атанды.

«Мұндай байқаулар тек әжелерге ғана емес, жастарға да қажет. Оларға қарап, әжелер де қоғам өміріне белсенді түрде араласа алатынын және қатысқысы келетінін біледі. Бүгінгі қатысушылар зейнеткерлікке шыққан өзге жандар үшін үлгі болып саналады. Осы кісілерден үлгі алу керек» деп атап өтті іс-шараны ұйымдастырушы Валентина Толмачева.

Сондай-ақ барлық қатысушыларға түрлі номинациялар берілді. Олар: «Ең мейірімді әже», «Ең көңілді әже», «Ең шебер әже», «Ең тапқыр әже», «Ең ақылды әже», «Ең заманауи әже», «Ең білімпаз әже», «Ең бұлбұл әже», «Ең өнерлі әже». Айта кетейік, «Super әже-2023» байқауы Астанада алғаш рет Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының қолдауымен өткізілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button