ЖаңалықтарҚала мен Сала

ТАҢДАУЛЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

Астана тандауы 2014

«Астана таңдауы-2014» жалпы қалалық байқауының жеңімпаздары анықталды. «Бәйтерек» халықаралық медиа орталы­ғының хабарлауынша, таңдаулы астана­лық­тар елорда күніне орай марапатталады.

Жеңімпаздарға Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов кубок пен грамоталар табыстайды, жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар беріліп, халықтың танымына ие болады. Бұған қоса, республикалық телеарналардан таратылатын шағын фильмдер түсіріліп, жеңімпаздардың суреттері мен жетістіктері көрсетілген билбордтар орнатылады.

1-20 маусымда Астана қаласының ресми сайтында байқау қатысушыларына ашық халықтық дауыс беру өткізілген еді. Кеше жеті мамандық бойынша үздіктердің есімі барша Қазақстанға белгілі болды. Атап айтқанда, үздік мұғалім Майра Құрманбаева 28 мың дауыс жинады. Елордалықтардың пікірінше, үздік дәрігер – Кирилл Чичеров. «Жол жөндеуші» аталымында Бекзат Мусеев жеңіске жетті, «Учаскелік полиция инспекторы» – Бауыржан Таумаханов, энергияшылар ішінен Олжас Ищанов топ жарды. Ал Еркен Умаров – үздік құрылысшы, Серік Адаев үздік қоғамдық көлік жүргізушісі атанды.

Еске салайық, «Астана таңдауы» байқауы алғаш рет екі жыл бұрын ұйым­дастырылды, ол кезде қатысу­шыларға 30 мыңға жуық адам дауыс берген. Биыл дауыс беру көрсеткіші бойынша рекорд орнатылды – 163 908 дауыс.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button