Жаңалықтар

ТАРИХЫМЫЗДЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ

ERA_237301

Астана қаласының әкімдігі «Қазақстан Республи­касының рәміздері – Тәуелсіз мемл­е­кеттің мызғымас негізі» атты ғылыми-тәжіри­бе­лік конференция өткізді.

Конференция жұмысын бастаған тарихшы-ғалым, профессор, Мемлекет тари­хы институтының дирек­торы Бүркіт Аяған тәуел­сіз­ді­гіміздің айғағы болып табылатын мемлекеттік рәміз­де­ріміздің өз деңгейін­де ұлықталуы қажет­ті­гіне баса назар аударды.

Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Тілепов Мемлекеттік рәміздерді тарихымыздың бір бөлігі ретінде қарап, Елтаңба, Ту, Әнұрандай қастерлі рәміздерді құрметтеуді өскелең жастар санасына сіңірудің маңыздылығын атап өтті. «Көк байрақ сонау түркіден кешегі Абылай ханның кезіне дейін болған. Көк тудың шығу тегі де, қазіргі көгімізде желбіреп тұруы да бекер емес» деп түйіндеді өз сөзін басқарма басшысы.

Конференция жұмы­сына қатысқан өзге ғалымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері рәміздерге қатысты ойларын ортаға салды.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button