Жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫ СУРЕТШІЛЕР КӨЗІМЕН

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында отандық және шетелдік су­ретшілер то­бы­ның «Art Balaban» көрмесі ұйымдастырылды.

KBB_8713

– Тақырыбының ерек естілетінін білеміз. Балабан дегеніміз – өте сирек кездесетін, жылдам ұшатын, сұңқар тәріздес құс. Біз де өнер әлеміне соны серпін, жаңа леп әкелгіміз келеді. Ойласа келе Қазақстандағы және көршілес мемлекеттердегі қылқалам шеберлерінің басын қосып, осындай топ құруды шештік, – деді Астана қаласының Жас суретшілер бірлестігі төрағасы Өмірәлі Исмаилов. Өзі көрмеге бірнеше жұмыстарын ұсыныпты. Арасындағы «Ұлы дала елі» және «Байқоңыр» атты триптихтерін бір деммен жазылған дүние екенін айтты.
Көрмеге негізінен абстракция, реализм жанрындағы картиналар қойылыпты. Қонақтар, әсіресе, табиғат көрінісін бейнелейтін суреттерге қатты қызығу­шылық танытты.
– Қырғызстандық су­ретші Русланбек Жүніс­әлиевтің картиналарынан ауылдың, даланың, қыр қызғалдақтарының иісі аңқиды. Осыдан-ақ суретшінің шеберлігін аңғаруға болады емес пе?! – деп ағынан ақта­рылды Қазақ ұлттық аграр­лық университетінің оқытушысы Баян Ақайдарова.
Ел егемендігінің 25 жылдығы мен «ЭКСПО – 2017» көрмесіне орайластырылған бұл шара алдағы уақытта республиканың өзге де өңірлерінде өтеді.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button