Жаңалықтар

Тазалық шарасы басталады

«Астана – таза және қауіпсіз қала» акциясының аясында қаланы санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру шараларына қатысты қала әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек бірқатар жұмыс жоспарын ұсынды.

Жоспар бойынша алдағы екі айда экологиялық науқандарды өткізу ұсынылды. «26 наурыз бен 26 мамыр аралығында қаланы санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Астана – таза және қауіпсіз қала» жалпы қалалық акциясын жариялауды, экологиялық шара аясында 20 сәуір мен 11 мамыр аралығында жалпы қалалық сенбіліктерді өткізуді ұсынамын» деді Арман Тұрлыбек. Акция аясында аудан әкімдері қоқысты тазалау, гүлзарлар мен көгалдарды ретке келтіру, шағын сәулет формалары мен қоршауларды жөндеу және сырлау, аудандар аумақтарын көгалдандыру жұмыстарын жүр­гізуі тиіс. Сондай-ақ ол қала тұр­ғындарының барлық аулалар мен алаң­дарды тазарту жұмыстарына тарту қажеттігі айтылды. Экологиялық науқан аясында жолдарды жөндеу, жол белгілерін жаңарту, жаяу жүр­гіншілерге арналған жолдар мен жерасты өткелдерін жуу шаралары жүргізіледі деп жоспарлануда. Шағын және орта бизнес иелері де абаттандыру шараларына атсалысады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button