Жаңалықтар

Тегін дәрі-дәрмек тарату

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев аппараттық кеңесте қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыровқа тегін медициналық дәрі-дәрмектерді жеткізуге қатысты жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

Басқарма бастығының айтуынша, бұған бірыңғай дистрибьютер – «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дәрі-дәрмектерді кейде кідіріспен жеткізуі кедергі келтіруі мүмкін. Осындай кемшіліктер салдарынан бүгінде емханалар дәріханаларында бірқатар жабдықтар табылмайды.
Қазір тегін дәрі-дәрмектерді берудің ашықтығын қамтамасыз ету, дәрілік препараттармен, медициналық өнімдермен қамту жағдайын үнемі бақылау­да ұстау мақсатында барлық емханаларда ақпараттық жүйе орнатылып жатыр.
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында өткен жылы қала бойынша 100 мыңнан астам адам амбулато­рия­лық деңгейде тегін дәрілік препараттармен қамтылған. Биыл тегін дәрі-дәрмекпен 120 мыңға тарта адам қамтылуға тиіс.
Басқарма дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттыру мақсатында дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді қала емханаларындағы дәріханаларда тапсыру жөніндегі шешім шығарған болатын.
Қала әкімі кеңес қорытындысында тегін медициналық дәрілердің «СК-Фармация» ЖШС кінәсінен кешіктіріліп жеткізіліп жатқанын айтты. Сонымен бірге, әкімшілік тарапынан тиісті бақылау жұмыстары мен мониторингтер жүргізілуі керек еді. Осыған орай, Әсет Исекешев әкімнің орынбасары Ермек Аманшаев пен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыровқа ескерту жасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button