Жаңалықтар

Теменовтің фотоальбомы

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі театр және кино режиссері, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменовтің фотоальбомы таныстырылды.

Аталмыш кітап «Өнер» баспасынан «Қазақ өнерінің қайраткерлері» айдарымен жарық көрді. Фотоальбомда көрнекті тұлғаның өмір белестері қамтылды. Атап айтқанда, «Балдәурен – балалық күндер», «Театр – менің өмірім», «Киноғұмыр», «Ғасыр өтіп барады», «Кең дүние, есігіңді аш, мен келемін…» және «Отбасым – алтын бұлағым» атты бөлімдерінде сайрап тұр.
Онда «Махаббат бекеті», «Адам­дар арасындағы бөлтірік», Қызғыш құс» секілді кинотуындылардың, «Тыраулап ұшқан тыр­налар» сынды спектакльдердің фотосуреттері де енгізілген.
«Спектакльдер күндердің-­күнінде сахнадан түседі. Кинолар да ұмытылады. Ал бұл кітап халық­тың жадында қалады. Әсіресе, кинода, спектакльде ойнаған актерлерді еске түсіреді. Бұл менің шығармашылығымның ғұмырнамасы, тарихы, басқаша айтқанда, менің өмірім. Тілімізде «Суреттер сөйлейді» деген тіркес бар, фотоальбом нақты соның айғағы» дейді режиссер кітапты шығарудағы мақсаты жөнінде.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button