Қоғам

Антына адал Аңсар

«Отан үшін отқа түс, күймейсің». Сарбаздар сапында сап түзеуді өзіне зор міндет тұтқан отаншыл жастарымыз аз емес. Солардың бірі – ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Нысандарды қорғау қыз­метінің Астанадағы «Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімінде Отан алдындағы боры­шын өтеп жүрген сарбаз Аңсар Шамшоллаев.

«Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімі – ҚР Президентінің және жоғары лауазымды тұлғаларының қауіпсіздігін, маңызды мемлекеттік нысандардың күзетін бақылайтын алдыңғы қатарлы әскери құрылым. Мерзімді жауынгерлік қызметті бұл құрылымның қатарында атқару – сарбаздар үшін үлкен абырой, асқан жауапкершілік. Осынау жеке құрамның қатарына еліміздің түкпір-түкпірінен, әр облыстан денсаулығы жақсы, мінез-құлқы, жеке қасиеттері тұрғысынан үздік деп танылған жастар таңдалып алынады. Бұл тұрығда жауынгер Аңсар Шамшол­лаевтың осы қатардан табылуы – оның тәрбиесі мен білімінің, тиянақтылығы әрі жауапкершілігі екені сөзсіз.
Аңсар Шамшоллаев 2000 жылы Астана қаласында дүниеге келіп, елордадағы №58 мектеп-гимназиясында білім алған. Ол әскери қызметінің бірінші күндерінен бастап жауынгерлік өмірдің қыр-­сырын үйренуге зор ынтамен кірісіп, өзіне жүктелген міндеттерді атқару кезінде де белсенділік танытуда. Салмақты сөзі мен ісі бір арнаға тоғысып, қарапайым мінезімен қаруластарының қатарына тез сіңісіп кеткен көрінеді. Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарында да командирлерінен үйреніп, көңілге түйгенін дұрыс қолданып, жауынгерлік дайындық нормативтерін де үнемі ең үздік бағаға орындап жүр. Өзіне сеніп тапсырылған қарудың құрылымын, тактикалық-техникалық сипаттамасын, қызмет көрсету тәртібін жетік меңгергендіктен, атыс даярлығында да үздік нәтижелер көрсетуде. Жауынгерлік кезекшілікте әрдайым қырағылық танытып, әскери міндетін асқан жауапкершілікпен атқарғаны үшін бірнеше рет марапатқа да ие болыпты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button