Шаһар шаруашылығы

Тергеу электронды форматта өтеді

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы қылмыстық істерді электрондық форматта сапалы тергеуді қамтамасыз етуде.

[smartslider3 slider=1392]

Прокуратура негізгі нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында бағытталған барлық қажетті шараларды жүзеге асырды. Электрондық форматта 118 қылмыстық іс тергелді, бұл жалпы қалмыстық істердің 96%-ын құрайды. Оның ішінде 30 іс сотқа жолданды. Негізгі жұмыс қылмыстық қудалау органдарының негізгі процестік шешімдерді қабылдауы кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бұзылуына жол бермеуге бағытталды. Қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу адал азаматтарды қылмыстық қудалау шеңберіне тартуға жол бермей, шешімдер қабылдауда заңдылық пен жеделдікті ерте сатыда қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мысалы, ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Көлік полициясы Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша электрондық форматта азаматша О.-ға қатысты ақша қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тиісті прокурорлық қадағалау нәтижесінде 2 тәулік ішінде іс бойынша негізгі процестік шешімдерін қабылдай отырып, қылмыстық істі сапалы тергеу қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта Прокуратураның осы бағыттағы жұмысы жалғасуда және тұрақты бақылауда.

Нұр-Сұлтан қаласының

Авиациялық көлік

прокуратурасы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button