Мәдениет

Тіл білімінің болашағы талқыланды

Алматыдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Ұлттық ғылым академиясы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Қайнар академиясының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманәлиевтің 60 жылдық мерейтойына орайластырылған «Қазақ тіл білімінің бүгіні мен болашағы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

[smartslider3 slider=2944]

Жиында қазақ тіл білімінің қазіргі жағдайы мен болашағы туралы және тіл білімін дамытудың жаңа бағыттары жайлы көкейкесті мәселелер талқыланды. Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов бастаған Зейнеп Базарбаева, Кәрімбек Құрманәлиев, Шерубай Құрманбайұлы сынды Ұлттық ғылым академиясының академиктерімен қатар белгілі тілші-профессорлар Анар Салқынбай, Жаңалық Балтабаева, Раушан Авакова баяндама жасады. Іс-шара аясында академик Кәрімбек Құрманәлиевтің «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя: теория және практика» атты кітабы таныстырылды.

 

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button