Білім

Тілдерді үйренемін десеңіз…

Жақында Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Қазақша сөйлейік» атты клуб ашылды. Оның алғашқы сабағы «Алматы» бизнес орталығында өтті.

[smartslider3 slider=567]

Клубтың мақсаты – мемлекеттік тілді үйренгісі келетін әр азаматқа көмек көрсету, өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізуге үйрету.
Алғашқы сабаққа қазақ тілінде сөйлеу дағдысын жетілдіргісі келетін қала тұрғындары қатысты. «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқытушысы Динара Мамырова жүргізген сабақ әртүрлі форматта өткізілді. Клуб оқытушысы тіл үйренушілерге жаңа тілдік, әлеуметтік және мәдени ортаға бейімделуге және қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан жетік меңгеруге көмек көрсетті. Сабақта ой шақыру, пікір алмасу, ойталқы, ойын элементтері, жағдаяттық тапсырмалар, жұптық, топтық жұмыс түрлері қолданылды.
Сондай-ақ «Руханият» мекемесі ағылшын тілін үйренгісі келетіндерге сабақ өткізеді. Жуырда «English speaking club» сөйлесу клубының сабақтары Алматы және Байқоңыр аудандары әкімдіктерінде ұйымдас­тырылды.
Бұл бағдарлама ағылшын тілінде сөйлеу практикасына қызығушылық танытатын және оны бейресми жағдайда тереңірек меңгергісі келетін тыңдаушыларға арналған. Сабаққа ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын жетілдіргісі келетін қала тұрғындары қатысты. Клубты тәжірибелі оқытушылар Джеймар Рамос және Армин Бабаян жүргізді.
Бір айта кетерлігі, сөйлесу клубындағы сабақты тіл тасымалдаушы маман иесі жүргізеді. Сабақтар аптасына бір рет өткізіледі. Орындар саны шектеулі болғандықтан, қатысқысы келетін адамдар 24-90-52 нөміріне хабарласып, алдын ала жазылуы шарт. Қатысушыларға қойылатын талаптар – ағылшын тілін elementary, pre-intermediate деңгейінде білу.
 
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button