Мәдениет

Төлен туындыларын оқимыз

«Бір ел – бір кітап-2023» республикалық акциясы аясында қазақ прозасы мен драматургиясында ерекше қолтаңбасы бар көрнекті жазушы, драматург, ­Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу ұсынылды.

Аталмыш акция Мәдениет министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхана мен Кітап­ханашылар ассоциа­циясы бастамасымен 2007 жылы басталды. Дәстүрлі шара биыл оқырмандар арасында он жетінші мәрте ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, соның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

Жазушы, драматург Төлен Әбдік есімі оқырмандарға жақсы таныс. Оған тереңнен толғап, жүректен қозғап жазған шырайлы шығармалары дәлел. Жазушының алғашқы жарияланған әңгімелерінен, соңғы жазған романдарына дейін жұртшылықтың жүрегіне жол тауып, оқырмандардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Қаламгер Төлен жазған пьесалар бойынша спектакльдер қойылды, сценарийлері бойынша кинолар түсірілді.

Жазушының қаламынан шыққан туындылар бүгінде ойлы оқырманның рухани азығына айналды. Төлен Әбдіктің «Оң қол», «Тозақ оттары жымыңдайды», «Өліара», «Парасат майданы» сияқты шығармалары көпшілікке таныс.

«Біз үшеу едік» атты пьесасы республика театрларында қойылды. Кинодраматургия саласында да атсалысып, «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» повесі бойынша «Өтелмеген парыз», «Белгісіз ұлдың тағдыры» атты көркем фильмдердің сценарийлерін жазды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button