Әлеумет

Төлемдер тәртібі өзгерді

Жақында халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша қол­да­ныстағы заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соған сәйкес міндетті әлеу­меттік сақтандыру заңнамасы да өзгерді.

Еліміздің әлеуметтік қорғау жүйесі асыраушысынан немесе жұмысынан айырылған, мүгедектігі мен кәрілігіне байланысты жұмыс істей алмайтын азаматтарға қол ұшын беріп, олардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Соның бір саласы – міндетті әлеуметтік сақтандыру.
Бұл дегеніміз – азаматтардың табыс көзінен айырылғанда кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы. Сол себепті мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру еңбек ету қабiлетiнен, асыраушысынан және жұмысынан айырылған жағдайда, жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған ретте, сонымен бірге, жаңа туған сәбиді асырап алуына байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табыссыз отырған жағдайда бөлiнедi.
– Үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап, Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1,2 және 3-тармақшаларымен көзделген негіздер бойынша жұмыстан шыққан азаматтар алты ай мерзімге дейін әлеуметтік төлем алуға мүмкіндігі бар. Яғни, жұмыс беруші-заңды тұлға таратылғанда немесе жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылып, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққанда еңбек шартының бұзылуы болып табылады, –деді Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалы директоры А.Қасенова.
Осы заң актісіне сәйкес, Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға және кәсі­би оқытуға жібергенде де рәсімделген әлеу­меттік төлемдер тоқтатылмайтын болады.
Қарастырылған әлеуметтік төлемді тоқтату туралы шешімді Қор қабылдайды және Мемлекеттік корпорация арқылы себебін көрсете отырып, алушыны мін­детті түрде хабардар ететін болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button