Жаңалықтар

Түнгі қала оттары

Астана әкімдігі қаланың түнгі жарықтандырылуы үнемді және әсем түрде болуы тиіс деп санайды.

Елорданың күндізгі келбеті қандай әдемі болса, түнгі бейнесі де шамдардың жарығымен ажарлана түседі. Түрлі-түсті, ұлттық нақышта безендірілген шамдар туристер мен қонақтарды еріксіз таңқалдырып жүр. Жалпы Нұр-Сұлтанды қараңғылық түскеннен таңсәріге дейін барлығы 60 мыңға жуық шам жарықтандырып тұрады екен. «Ақылды қала» жобасы аясында энергияны үнемдеу шаралары да қолға алынған. «Қараңғы түнде тау қалғығанымен», Астана мүлгімейді. Күндіз-түні қайнаған тіршілік. Қаланы тас түнектен құтқарып тұрған жарық шамдар, негізінен, 250 ваттық.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button