Жаңалықтар

Тұрғын алаптарында – әлеуметтік нысандар

Қала тұрғындары үшін жағдай жасау жұмыстары барлық 16 елді мекенде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің инстаграм парақшасында жазды.

«Бүгін кешкілік аралау барысында Өндіріс (Лесозавод) елді мекенінде бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен таныстым. Азаматтарды қабылдау, есеп беру кездесулерінде елді мекен тұрғындары балалардың спортпен шұғылдануына арналған демалыс орталықтарын ашуды сұрады.
Мәселен, Өндіріс, Железнодорожный, Көктал-2 елді мекендерінде үш ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталды. Бұл ғимараттарда спортпен шұғылдануға арналған секция­лардан басқа ХҚКО, пошта бөлімшесі, полиция пункті, аға буын өкілдерінің қызығушылықтары бойынша клубтар және т.б. орналасады. Келесі жылы Үркер (Ильинка) елді мекенінде дәл осындай ғимарат салынады.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, Өндіріс елді мекенінде жұмыс істеп тұрған №23 мектеп аумағында білім ордасының жаңа корпусының құрылысы басталды. Бұл мектепке артылған шамадан тыс жүктемеден арылуға, оқу жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
№49 білім ордасына күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. «Кезекші топта» бастауыш сынып оқушыларына сабақ беретін мұғалімдерге санитарлық талаптарды қатаң сақтау бойынша кеңес берілді.
Қала тұрғындары үшін жағдай жасау жұмыстары барлық 16 елді мекенде жүргізіліп жатыр: су мен кәріз жүргізуден бастап, әлеуметтік жобалар құрылысына және аумақтарды кешенді абаттандыруға дейін» деп жазды Алтай Көлгінов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button