Жаңалықтар

Біржолғы төлемді қанша қазақстандық алады?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша 2,3 миллионнан аса қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін 42 500 + 21 250 теңгелік біржолғы төлем алды.

Шілде айындағы шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 589 мыңнан аса бірегей өтініш қабылданды. Төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең болды. Біржолғы төлемді 2 млн 376,8 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 368,2 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша төлемақы алды.
Карантин шараларына байланысты табысынан айырылғандардан өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button