Жаңалықтар

Түркістанның тартуы

Астанада сенбі-жексенбі күндері Түркістан облысының азық-түлік жәрмеңкесі өтті.

Оңтүстіктің астық өндірушілері алыстан ат арылтып елордаға 286 тонна азық-түлік жеткізді. Нақтырақ айтсақ, 65 тонна ет және ет өнімдері, 101 тонна көкөніс, 18 тонна сүт өнімдері, 6 тонна балық, 5 тонна бал, 20 мың дана жұмыртқа, 4 тонна түрлі консерві және басқа да 41 тонна өнімдер саудаға түсті.

Қала жұртын азан-қазан қылған бұл жәрмеңкеде барлық тауар нарықтағы бағадан төмендетіліп сатылды. Мысалы, килограммен есептегенде картоп – 80-110 теңгеден, орамжапырақ – 80 теңгеден, пияз – 70 теңгеден, сәбіз – 110-120 теңгеден, қияр – 150 теңгеден, қызанақ 150 теңгеден саудаланды. Енді осы дәстүрмен 30 маусым күні Қарағанды облысынан тағы бір азық-түлік керуені келеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button