Жаңалықтар

ҮКІЛІ ҮМІТТЕР БАСТАУЫ – «ЖАС ҚАНАТ»

8519bbcf8740667b93f4f6f354e3fc8a_XL

29-31 мамыр аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында Астана қаласы әкімдігі мен Мәдениет басқармасының, сондай-ақ, «Хабар» агенттігінің қол­дауымен «Азия дауысы» дирекциясы жас орындаушылардың «Жас қанат» республикалық байқауын өткізеді.

Биыл жиырма төртінші рет қолға алынған ән мерекесіне еліміздің он қаласынан 15 үміткер қатысады. Оның ішінде Екібастұз, Байқоңыр, Степногорск қаласынан жас орындаушылар алғаш рет бақ сынағалы отыр. Ал, елордадан бес бірдей жас талант өтініш білдірген. Барлығы да бас қалаға арман қуып келген ауыл жастары екен.

Үш кезеңде өтетін өнер додасына Петропавл, Семей, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау және Шымкент қалаларынан бірді-екілі орындаушы қатысқалы отыр. Бір өкініштісі, еліміздің Батыс аймағынан қорытынды кезеңде бірде-бір өнерпаз төбе көрсете алмай қалды.
Өнер әлеміне Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Жанна Орынбасарова, Нұрлан Абдуллин, Гүлнұр Оразымбетова, Бақыт Шадаева, Құрмаш Маханов, Мәдина Сәдуақасова, Бейбіт Қорған, Маржан Арапбаева сияқты таланттарды әкелген «Жас қанат» биыл да жаңа есімдерді анықтап, қанат қақтырары сөзсіз.
Ал, биылғы үміткерлер қатарында Астана қаласынан Сұлтан Ахмет, Олжас Сүлеймен, Нұрбол Сыдықов, Нұрлан Түкенов және Еркебұлан Тұрмұхамбетов бар.
Қазылар алқасының құрамына танымал мәдениет қайраткерлері мен эстрада әншілері енген. Олар үміткерлерді үш кезең бойынша іріктеп, қатысушылардың үштен бірін ғана ақтық сынға жібереді. Топтан суырылып шыққандар алтын, күміс, қола қанаттарға ие болады.

Сағи ОРАЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button