Жаңалықтар

Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялады. «Қазақстан Украинадағы оқиғаларға байланысты ерекше алаңдаушылығын білдіреді. Шиеленістің одан әрі өрбуі аймақтық, сондай-ақ жаһандық ауқымдағы күтпеген нәтижелерге алып келуі мүмкін. Қазақстан барлық тараптарды жағдайды реттеу барысында күш қолдану шешімдерден бас тартуға және қалыптасқан мәселені келіссөздер арқылы шешу мақсатында барынша саяси күш-жігер танытуға шақырады. Бұл шешім халықаралық құқықтың фундаменталды қағидаттарына негізделуі тиіс. Барлық мүдделі тараптарды жағдайды бағалауда байсалды, әділетті болуға және жауапкершілік танытып, украиндық дағдарысты ушықтыруға себеп болатын әрекеттерден бас тартуға шақырамыз» делінген мәлімдемеде.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button