Қоғам

Ұлы жеңіс жауынгерлері

ҚР Ұлттық музейінде ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған әскери-тарихи минидиарама көрсетіліп, «Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтар» және «Ұлы Отан соғысының батырлары – Х. Доспанова, М. Мәметова, Т. Бигелдинов», «Ә.Нұршайықовтың туғанына 95 жыл» атты қос көрме ашылды. 

Әскери-тарихи миниатюралар түрінде берілген шағын диарамаларды аталмыш музейдің «Қазақстан тарихы» бөлімінің қызметкері Серік Әбдірахманов жасады. «Ұлы Жеңісімізді ұмытпайтынымыз секілді, соғыс салған қасірет те, сол соғысқа қатысқан жауынгерлер де ешқашан ұмытылмақ емес. Олардың ерлігі бүгінгі әскер сапындағы жауынгерлерді жігерлендіретіні сөзсіз. Уақыт өзгеріп, замандар алмасады. Алайда Жеңіс күні алдағы талай ұрпақтың мерекесі болып қала беретініне сенімдімін. Ал музейдегі бүгінгі шараны елімізде алда тойланатын үлкен мерекенің басы деп білем» деді Ұлттық музей директорының орынбасары Леонид Кочетов.

87987

Шара қонақтары ҚР Ұлттық музей қорынан алынған Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы жәдігерлермен, жеке заттармен, фотоқұжаттармен, қазақстандық батырларға арналған кітаптармен танысты. Солардың бірі – «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев болды. «Ұлды әкесінен, қызды шешесінен, ініні ағадан, жарды жұбайынан айырған бұл соғыстың қасіреті тым ауыр. Ел басына күн туғанда азаматтарымызбен қоса қазақ қыздары да қолына қару алды. Осылай біздің қайсар қыз­дарымыз жақсы жар, ардақты ана ғана емес, ел қорғаушы батыр бола алатынын да дәлелдеген еді. Бүгінгі көрме біз ардақ тұтатын осы батырларымыздың өмірінен хабар береді. Ол қасіретті толықтай сезіндірмесе де, бүгінгі жастардың рухын оятуға арналған игі шара» деді ол.

23421

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қазақстандық батырлардың ерлігі туралы баспасөз беттерінде жиі жазылатын. Бұл тақырыпты филология ғылымдарының докторы Серік Тахан қозғады. Оның айтуынша, белгілі орыс жазушысы Борис Полевой соғыс жылдарында «Правда» газетінің тілшісі болған. Сол кезде аталмыш газетке 1943 жылы Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин туралы мақала жазған. Сондай-ақ, Нұркен Әбдіров, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова сынды көптеген қазақ майдангерлері жөнінде очерктер де ерліктері суымай жатып жарық көрген. Ғалым солардың біразы көрмеден көрініс тапқанына марқайды. Аталмыш шараны ҚР Ұлттық музейінің «Қазақстан тарихы» бөлімінің ғылыми кітапхана және экпозициялық көрме қыз­меті ұйымдастырғанын айта кетейік.

2341

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button