ЖаңалықтарЭкономика

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЫҚПАЛЫ АРТТЫ

ger kaz

ГФР бірқатар ірі компаниялары Қазақстанға инвестиция салуға дайын

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жұмысты белсендіру туралы тапсырмасы аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев басқарған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен ГФР-ға келді. Берлиндегі экономикалық форумда Қазақстандағы германдық бизнесті әрі қарай дамыту бойынша жоспарлар талқыланды.

Екі күндік бағдарлама бойынша экономикалық форум, Іскерлік кеңес және «ITB Berlin-2014» халықаралық туристік көрмесі секілді 3 ірі шараға қатысу, сондай-ақ Германия Үкіметінің мүшелерімен және Қазақстанда жұмыс істейтін ең ірі неміс концерндерінің, инжинирингтік компаниялар мен институттарының және әлеуетті инвесторлардың басшыларымен 15 екі жақты кездесуді өткізу жоспарланған.

Германияның Вице-канцлері – Экономика және энергетика федералдық министрі Зигмар Габриельмен кездесу барысында тараптар өнеркәсіп, энергетика, геология және жер қойнауын пайдалану, ғылым және инновациялар салаларындағы, сондай-ақ «Индустрия 4.0» Германияны өнеркәсіптік дамытудың жаңа стратегиясы төңірегінде (4-ші өнеркәсіптік революция) әріптестікті белсендіру мәселелерін талқылады.

Әсет Исекешевтің айтуынша, екі елдің ынтымақтастығын дамытуға мемлекет басшыларының келісімдері елеулі күш берді.

 «Өткен жылы екі жақты сауданың көлемі дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерден асып, 6,5 млрд. еуроға жетті. ГФР-дың Орталық Азия мен Кавказдың 8 елімен бүкіл тауар айналымының  60% Қазақстанға тиесілі. Бізді жыл сайын кеңейіп жатқан сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң динамикасы қуантады. Сонымен қатар, менің ойымша, германдық компаниялар өз үшін Республикамыздың әлеуетін толық аша алмады», – деп белгіледі вице-премьер экономикалық форумда сөз сөйлеген кезде және анағұрлым белсенді жұмысқа шақырды.

Өз кезегінде, «Siemens», «Lanxess», «CLAAS Global Sales GmbH», «METRO AG», «Bosch GmbH», «Knauf», «HeidelbergCement» өкілдері ҚР-да жұмыс жасап жатқан және жоспарланған жобаларды көрсетті.

Қазақстанда жаңа жобаларды жүзеге асыруға өзінің қызығушылығы туралы «MAGNA EUROPA» (автоөнеркәсіп үшін қосалқы бөлшектерді өндіру), «EVONIC» (химия өнеркәсібі), «REM», «ROGESSA», «SGL Group», «ARUBIS», «QUAESTA CAPITAL», (барлығы – ТКМК-де), «SALZGITTER» (металл өңдеу) компаниялары айтты.

Айта кетерлік, Қазақстан және Германия арасындағы бірлескен жобалардың жалпы қоржыны 92 жобаны қамтиды, бұл ретте 72 жоба бойынша тек соңғы 4 жылдың ішінде келісті (яғни, ҮИИДМБ жүзеге асыру басталғалы). Осы уақытта жалпы сомасы 700 млн. еуро құрайтын 12 жоба жүзеге асырылды.

Мысалы, Linde Group компанияларының тобы ArcelorMittal болат құю концернінің қазақстандық зауыты үшін техникалық газдарды өндіру үшін ауа бөлуші қондырғыны жасады. Бұл өнеркәсіптік жоба тек ең заманауи технологиялармен ғана жұмыс жасамай, қызметшілердің кәсіптік білімімен де айналысады.

«Funke-Kunststoffe» қуаттылығы жылына 1 млн. астам шаршы м құрайтын терезе профильдерінің өндірісін Қазақстанға көшірді. Осы кәсіпорын ішкі нарықтың мұқтаждығын толық қанағаттандыруға және өнімді Ресейге экспортқа шығаруға мүмкіндік береді.

«Мэтро Кэш энд Кэрри» компаниясы Қазақстанда 8 сауда орталығын ашты, бұл ретте 1500 жұмыс орын құрылды. Сауда-бөлшек саудада өнім сапасының жаңа стандарттары, тиімді менеджмент жүйелері енгізілді. Жақын арада Атырау және Ақтау қалаларында тағы 2 жаңа сауда орталығы салынбақ.

Әртүрлі сатыларда жалпы сомасы 1,7 млрд. еуро құрайтын 15 жоба іске асырылуда. Мысалы:

– Хайдельберг («HeidelbergCement») концерні Каспий теңізінің жанында цемент зауытын салуда (160 млн. еуро,  1000 жұмыс орны);

– «Сименс АГ» және «ҚТЖ» ҰК» АҚ 242 млн. еуро сомасына Қазақстанның темір жолдарын электрификациялау бойынша жобаны іске асыруда;

– «Сhemianlagenbau Chemnitz GmbH» (C.A.C.) компаниясы Ақтау, Павлодар және Тараз қалаларында химиялық кластерлерді жасау және жоғары технологиялық жабдықпен жарақтандыру бойынша жұмыс жасауда.

Әсет Исекешев кәсіпкерлермен кездесу кезінде хабарлағандай, Қазақстан индустрияландырудың 2020 жылға дейінгі екінші бесжылдығының бағдарламасын әзірледі, оның асында ел үшін бұрынғыдай машина жасау, химия, металлургия салалары басым болып табылады. Яғни, Германияның артықшылықтары бар салалар.

Сапардың екінші күні қазақстандық делегация «ITB Berlin-2014» халықаралық туристік көрмесіне барып, ҚР ИЖТМ және ЮНВТО (БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының қысқартылған атауы) арасында «ЭКСПО-2017» аясында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button